Абай ауданында «Сарышоқы» бұлағы абаттандырылды

    1 / 2

    Абай ауданында республикалық маңызы бар автожолдың бойында, Қарабас кентіне жақын орналасқан «Сарышоқы» табиғи бұлағын абаттандыру жұмыстары аяқталды. Игі іс-шара республикалық «Мөлдір бұлақ» экологиялық бастамасы аясында жүзеге асырылды.

    Абай ауданында «Сарышоқы» бұлағы абаттандырылды

    Бұлақтың айналасы тазартылып, су шығатын көздің маңы аршылып, табиғи таспен бекітілді. Келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жаяу жүргіншілер жолы салынып, суға түсетін тұстар қауіпсіз етіп жабдықталды.

    Абай ауданында «Сарышоқы» бұлағы абаттандырылды

    Сондай-ақ демалушыларға арналған төбесі жабық күркелер мен шағын сәулет нысандары орнатылды. Автокөлікпен келетіндер үшін арнайы тұрақ орны да қарастырылған.

    Абай ауданында «Сарышоқы» бұлағы абаттандырылды

    Бұлақ суының сапасына да айрықша назар аударылды.

    Абай ауданында «Сарышоқы» бұлағы абаттандырылды

    Тиісті сала мамандары зертханалық талдау жүргізіп, оның қорытындысы су сапасының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай келетінін және ішуге жарамды екенін көрсетті.

    Абай ауданында «Сарышоқы» бұлағы абаттандырылды

    «Сарышоқы» бұлағын абаттандырудың мақсаты – табиғи су көзін көздің қарашығындай сақтау ғана емес, аудан тұрғындары мен республикалық маңызы бар автожолмен жүріп өтетін жолаушылар үшін де қолайлы демалыс орнын қалыптастыру.

    Абай ауданында «Сарышоқы» бұлағы абаттандырылды

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары