Шерубай-Нұра су қоймасына 76 мыңнан астам тұқым шабағы жіберілді

    Шерубай-Нұра су қоймасының балық қоры 76 643 тұқым шабағымен толықты. Су айдынына балық жіберу жөніндегі экологиялық акцияны «Топар» МАЭС-і ұйымдастырды.

    Шерубай-Нұра су қоймасына 76 мыңнан астам тұқым шабағы жіберілді

    Бастаманың басты мақсаты – су қоймасындағы балық қорын молайту, ихтиофауна санын сақтау және табиғи тепе-теңдікті қамтамасыз ету. Тұқы шабақтарын су айдынына жіберу өңірдегі биологиялық алуантүрлілікті сақтауға және экологиялық әлеуетті нығайтуға үлес қосуға бағытталған.

    Шерубай-Нұра су қоймасына 76 мыңнан астам тұқым шабағы жіберілді

    Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, табиғатты қорғау жұмыстары міндетті экологиялық талаптарды орындаумен ғана шектелмейді.

    Шерубай-Нұра су қоймасына 76 мыңнан астам тұқым шабағы жіберілді

    Су және биологиялық ресурстарды сақтау, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған нақты бастамаларға да ерекше мән беріледі.

    Шерубай-Нұра су қоймасына 76 мыңнан астам тұқым шабағы жіберілді

    Шерубай-Нұра су қоймасын балықтандыру – осындай жұмыстардың бірі.

    Абай ауданы әкімдігінің мәліметінше

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары