АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ – ҰЛТҚА ҚҰРМЕТ!
Бүгін Әл-Фараби ауданында көпбалалы аналарға арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты іс-шара барысында аудан әкімі М. Мықтыбеков көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыстады.
Атап айтқанда, 18 ана «Алтын алқа», 54 ана «Күміс алқа» иегері атанып, жалпы 72 анаға құрмет көрсетілді.
Мерекелік шара барысында өнерпаз әншілер әсем әндерін тарту етіп, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Аудан әкімі аналарды айтулы марапаттарымен құттықтап, отбасыларына амандық, шаңырақтарына шаттық, дендеріне саулық және ұрпақтарының қызығын көруді тіледі.
Ана – отбасының берекесі, ұлт тәрбиесінің алтын діңгегі. Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









