Дөңгелек үстел

    1 / 2

    2026 жылғы 4 қарашада Алматы облысы Әділет департаментінің Қарасай ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінде «Сот үкімдері бойынша залал сомасын өндіріп алу және тәркіленуге жататын мүлікті тәркілеу бөлігінде сот үкімдерін орындау тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

    Іс-шараға адвокаттар, нотариустар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

    Кездесу барысында қатысушылар залалды өтеу туралы сот үкімдерін орындау тәртібін, сотталғандардың мүлкіне өндіріп алуды қолдану тетіктерін, сондай-ақ мемлекет кірісіне тәркіленуге жататын мүлікті тәркілеу рәсімін талқылады. Сот актілерін орындау сатысында мемлекеттік органдардың, адвокатура мен нотариаттың өзара іс-қимылының практикалық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Қатысушылар пікір алмасып, құқық қолдану практикасындағы өзекті мәселелерді айқындады және оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірледі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Әділет департаменті" жаңалықтары