Бүгін, Алматы облысы Әділет департаментінің басшысы Жанболат Самашев, Алматы облысының Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Жақсылық Беделбектің қатысуымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесудің негізгі тақырыбы атқарушылық іс жүргізу барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылау, өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ келешекте тиісті бағыттар бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру мәселелері болды.
Талқылау барысында жеке сот орындаушыларының тәжірибесінде кездесетін өзекті сұрақтар, атқарушылық құжаттарды орындау тәртібі, іс жүргізуге қатысушылармен өзара іс-қимыл және құқық қолдану практикасындағы ерекшеліктер қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша Департамент басшысымен атқарушылық құжаттарды орындау мерзімдерінің сақталуына тұрақты мониторинг жүргізуге, азаматтар мен ұйымдардың өтініштері мен шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімдерде толық әрі объективті қарауға, құқық қолдану практикасын жүйелеп, даулы мәселелер бойынша бірыңғай тәсіл қалыптастыруға, борышкерлерге қатысты мәжбүрлеп орындату шараларының тиімділігін арттыруға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ өзекті мәселелерді жедел шешу үшін тұрақты жұмыс форматын орнатуға тапсырма берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









