Алматы облысы Әділет департаментінің басшысы Ж.К.Самашев, Алматы облыстық адвокаттар алқасының төрағасы С.Т.Махышевпен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесудің негізгі тақырыбы адвокаттар қауымдастығының әділет органдарымен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу саласына цифрлық шешімдерді енгізу мәселелері болды.
Кездесу барысында «Атқарушылық іс жүргізудің Тараптар кабинеті» мобильді қосымшасының функционалдық мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Аталған қосымша атқарушылық іс жүргізуге қатысушылардың қажетті ақпарат пен атқарушылық істердің материалдарына жедел қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған.
Талқылау барысында адвокаттардың қосымшаны пайдалану ерекшеліктері, хабарламаларды уақтылы алу, атқарушылық іс жүргізудің барысымен танысу және сот орындаушыларымен өзара іс-қимылды жеңілдету мәселелері қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша Алматы облыстық адвокаттар алқасының мүшелері арасында қосымшаның мүмкіндіктері мен оны пайдалану тәртібін түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы келісімге қол жеткізілді.
Цифрлық құралдарды енгізу атқарушылық іс жүргізудің ашықтығы мен айқындығын арттыруға, уақыт шығындарын қысқартуға және құқықтық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








