1 / 4
Алматы облысы Әділет департаменті мен SDU Law Clinic заң клиникасы арасындағы ынтымақтастық аясында, Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы А.Қалиақпар студенттермен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және студенттердің азаматтарға заң көмегін көрсету бойынша практикалық дағдыларын дамыту.
Кездесу барысында студенттерге әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары, азаматтарға құқықтық көмек көрсету тетіктері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың өзекті мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, заңнаманы тәжірибеде қолдану мәселелері және болашақ заңгерлердің халыққа құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етудегі рөлі талқыланды.
Кездесу кәсіби пікір алмасуға, білім мен тәжірибе бөлісуге, сондай-ақ Алматы облысының Әділет департаменті мен SDU Law Clinic заң клиникасы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








