1 / 4
2026 жылғы 30 қазанда «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Алматы облысы Әділет департаментінің Іле ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалы «Ашық есік күні» акциясын өткізді.
Іс-шара барысында азаматтарға атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша заңгерлік кеңестер беріліп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес банктік шоттардан тыйымды алып тастау тәртібі түсіндірілді, сондай-ақ әділет органдарының қызметіне қатысты өзге де мәселелер бойынша жауаптар ұсынылды.
Сонымен қатар, азаматтарға «Атқарушылық іс жүргізудің тараптар кабинеті» ақпараттық жүйесінің жұмысы таныстырылып, оның функционалдық мүмкіндіктері мен атқарушылық іс жүргізудің барысы туралы мәліметтер алу, процестік құжаттармен танысу және атқарушылық іс жүргізу шеңберінде қабылданған шараларды қадағалау үшін пайдалану тәртібі түсіндірілді.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында осындай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, заңдылықты нығайтуға және заң талаптарына құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









