Марокколық бизнес өкілдері Шымкент қаласында өткен IX Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстеліне (KGIR 2026) қатысты

    1 / 4

    2026 жылғы 22 қазанда Шымкентте ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің қатысуымен «Тұрақтылықтан өсімге: Қазақстанның жаңа инвестициялық циклі» тақырыбында IX Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел (KGIR 2026) өтті.

    Іс-шараға 40 астам елден 500 инвестор мен бизнес өкілі қатысты. Жалпы сомасы 4,8 млрд АҚШ доллары болатын 22 құжатқа қол қойылды.

    Атап өту қажет, дөңгелек үстелге алғаш рет Мароккодан Африка тау-кен және энергетика конгресінің президенті, Халықаралық дипломатиялық академияның құрметті мүшесі Амин Лагиди және Zahi Group президенті (азық-түлік өнеркәсібі, логистика) Захид Рашид қатысты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшілігі" жаңалықтары