Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшілігі
Қазақстан Республикасының
Марокко Корольдігіндегі Елшілігінің
ресми сайтына қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 26 мамырда орнатылды.
2020 жылғы 30 желтоқсанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстанның Мароккодағы Елшілігі ашылды.
2021 жылғы наурыздан бастап Саулекүл Сайлауқызы Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.
Дипломатиялық өкілдік Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жүйесіне кіреді және Қазақстанның Мароккодағы мүдделеріне өкілдік етеді.
Сонымен қатар, Елшілік Қазақстан мен Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымымен (ИСЕСКО) ынтымақтастық және Батыс Африка құрылығындағы Буркина-Фасо, Габон, Гвинея-Бисау, Гамбия, Мали, Сьерра-Леоне, Тогоға, яғни Батыс Африкадағы 8 мемлекетпен байланыстар үшін жауапты болып келеді.
Елшіліктің негізгі міндеттері:
- Мароккода Қазақстанның ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету, сыртқы саяси бағытын іске асыру;
- Мароккодағы Қазақстанның азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігімен ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстанның мемлекеттік органдарына, қоғамдық ұйымдарына және іскер топтар өкілдеріне Мароккомен байланыстарды орнатуға және қатынастарды дамытуға жәрдем көрсету;
- Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігімен халықаралық шарттарының жобаларын жасасу, орындау және тоқтату туралы ұсыныстарды дайындауға қатысу, екі ел арасындағы шарттардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
- ИСЕСКО-мен ынтымақтастықты дамыту;
- Батыс Африканың аталған 8 мемлекетімен Қазақстан арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту;
- консулдық функцияларды жүзеге асыру;
- басқа функциялар.
Жаңалықтар
АшуШетелдегі отандастар арасында «OQ Startup» үздік жобалар шығармашылық байқауы
АшуМароккода Кітап оқуды сүйушілер клубы құрылды
АшуҚазақстанның Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Рабаттағы Мұхаммед VI атындағы жаңа Халықаралық университеттік аурухана кешеніне (ХУАК) барып, оның жұмысымен танысты
Ашу2026 жылғы 7 қазанда Астанада Қазақстан Республикасының Вице-Президенті — Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Ерлан Қариннің төрағалығымен Хатшылықтың XXIV отырысы өтті.
АшуАстана мен Алматы әлемнің ТОП-300 қаласының қатарына енді
Ашу