Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Айнұр Дәненова Марокко Корольдігінің Сыртқы істер, Африкамен ынтымақтастық және шетелде тұратынмарокколықтар істері жөніндегі министрі Насер Буритамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар қазақ-марокко қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, достық, өзара құрмет және сындарлы диалог дәстүрлеріне негізделген екіжақты байланыстардың дәйекті дамуын атап өтті. Екі елдің ынтымақтастығына жаңа серпін беріп, оны сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруге өзара мүдделілік білдірілді.
Осы орайда 2027 жылы атап өтілетін Қазақстан мен Марокко арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толуына байланысты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларына ерекше назар аударылды.
Кездесу аясында А. Дәненова Н. Буритаға сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырып, Марокко Корольдігіндегі дипломатиялық миссиясының басталғанын ресми түрде растады.
Министр А. Дәненованы жоғары дипломатиялық қызметке тағайындалуымен құттықтап, жұмысына табыс тіледі және Марокко тарапы Қазақстан Елшілігінің қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








