ИСЕСКО Бас директоры әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көшбасшылық дәріс оқыды

    1 / 5

    2026 жылғы 6 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ислам әлемі білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ИСЕСКО) Бас директоры Сәлім әл-Мәлік «ИСЕСКО мен ҚазҰУ байланысы: әл-Фараби мұрасын зерттеу мен дәріптеудегі екі тараптың рөлі мен маңызы» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды.

    Іс-шара басында дәріскер Сәлім әл-Мәлікке ұйым мен университет арасындағы әріптестікті нығайтқаны үшін ҚазҰУ-дың «Құрметті профессоры» атағы салтанатты түрде берілді.

    Көшбасшылық дәріс ИСЕСКО мен ҚазҰУ ынтымақтастығының әл-Фараби мұрасын зерттеу мен оны әлемдік деңгейде дәріптеудегі маңызына арналды. ИСЕСКО бас директоры Сәлім әл-Мәлік әл-Фарабидің еңбектері мен ілімі тек өткеннің мұрасы емес, XXI ғасырдағы адамзатты толғандырған өзекті мәселелерге жауап беретін рухани құндылық деп атады. Дәріскер университет пен ұйым арасындағы серіктестіктің жалғасып, тереңдей түскенін алға тартты. Сондай-ақ өзіне берілген құрметті профессор атағын «Әл-Фарабидің ілімін болашақ ұрпаққа жеткізу аманаты» ретінде қабылдайтынын жеткізді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшілігі" жаңалықтары