2026 жылғы 8–10 қараша аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында оқушылар арасында «Ақберен» республикалық өнер байқауы өтті.
Байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен 137 оқушы қатысып, алты шығармашылық бағыт бойынша өз өнерлері мен қабілеттерін көрсетті.
Республикалық байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласындағы №47 мектептің 11-сынып оқушысы Хамитова Амина «Көркемсөз оқу өнері» бағыты бойынша II дәрежелі дипломға ие болды.
Жетекшісі – Асылбекова А. М.
Амина мен оның жетекшісін республикалық деңгейдегі жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









