Мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлеріне арналған педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаға арналған семинар

    2026 жылғы 4 қарашада «Павлодар қаласыныңбілім беру бөлімінің» ММ әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес № 6 мектепке дейінгі гимназия базасында мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлеріне арналған педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаға арналған семинар өтті. Қатысушылар аттестаттаудан өткізу тәртібі мен педагогтің кәсіби цифрлық бейінін дайындау ерекшеліктерін талқылады.

    Пилоттық жоба Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 5 маусымдағы № 159-НҚ бұйрығы негізінде іске асырылуда. Жобаның мақсаты - аттестаттау рәсімін оңтайландыру және жетілдіру. Пилоттық жоба 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады. Аттестаттау комиссияларының кәсіби цифрлық бейіндерді қарауы 1 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында көзделген.

    Семинар барысында әдіскерлер мектепке дейінгі ұйымдар педагогтеріне біліктілік санаттарын беру талаптарын, біліктілік бағалауы мен қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау тәртібін қарастырды. Цифрлық бейіндегі мәліметтерді жинау мен тексеруге, сондай-ақ педагогтердің кәсіби жетістіктері мен тәжірибесін көрсетуге ерекше назар аударылды.

    Қатысушылар әдістемелік қолдаудың педагогтерге материалдарын жүйелеуге және аттестаттауға дайындалуға қалай көмектесетінін де талқылады. Семинар қорытындысы бойынша әдіскерлер қарастырылған мәселелер бойынша түсіндірмелер мен педагогикалық ұжымдармен алдағы жұмысына арналған ұсынымдар алды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Павлодар қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары