Қазақстан Женевада өткен БҰҰ-ның су және денсаулық мәселелері жөніндегі халықаралық отырысына қатысты

    1 / 3

    2026 жылғы 5–6 қарашада Женевада (Швейцария)К омитеттің өкілдері БҰҰның Еуропалық экономикалық комиссиясы мен ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросы арасындағы Су және денсаулық проблемалары жөніндегі хаттама шеңберінде нысаналы көрсеткіштер мен есептілікті белгілеу жөніндегі нысаналы топтың 15-отырысына қатысты.

    Халықаралық отырыстың негізгі назарында сумен жабдықтау және санитария жүйелерінің орнықтылығын арттыру, ауыз судың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғи апаттар мен төтенше жағдайларға дайындық, сондай-ақ халық денсаулығын қорғау мәселелері болды.

    Іс-шара аясында қатысушы елдердің өкілдері төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою, қауіпсіз сумен жабдықтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық шараларды жетілдіру бойынша халықаралық тәжірибелерімен және практикалық тәсілдерімен алмасты.

    Қазақстандық делегация Су және денсаулық проблемалары жөніндегі хаттама шеңберінде ұлттық нысаналы көрсеткіштерді белгілеу бағытында елімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынды. Атап айтқанда, ауыз судың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сумен жабдықтау жүйелерінің орнықтылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Қазақстанның аталған отырысқа қатысуы ұлттық тәжірибені халықаралық деңгейде таныстыруға, шетелдік әріптестермен озық тәжірибелер алмасуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

    Отырыс барысында талқыланған өзекті мәселелер ауыз судың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және санитария жүйелерінің орнықтылығын дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық тәсілдерді одан әрі жетілдіру үшін маңызды болды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" жаңалықтары