Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің цифрлық шешімдері жетілдірілуде

    1 / 4

    Комитетте Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің төрағалығымен Комитет басшылығы мен қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өтті. Кеңес барысында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау процестерін цифрландыруға, қадағалау қызметінің ашықтығын арттыруға және нақты уақыт режимінде өзекті деректер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдауға бағытталған санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың ақпараттық жүйесі (СЭҚ АЖ) таныстырылды.

    Сондай-ақ иммунопрофилактика саласындағы цифрлық шешімдер, оның ішінде «Вакцинация» ақпараттық жүйесі, биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) таңбалау және қадағалау, жеке медициналық кітапшаларды (ЖМК) жүргізу мәселелері, сондай-ақ «Эпидемиолог» ақпараттық жүйесін, оның ішінде «Шұғыл хабарламалар» модулін одан әрі дамыту мәселелері қаралды.

    Талқылау барысында ұсынылған ақпараттық жүйелерді жетілдіру, олардың функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту, деректердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету, ақпараттық ресурстарды интеграциялау және жұмыс процестерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізілді. Цифрлық құралдарды әзірлеу кезінде мамандардың практикалық қажеттіліктерін ескеру және оларды пайдалану қолайлылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Кеңес қорытындысы бойынша енгізілген ұсыныстарды одан әрі пысықтау, анықталған техникалық және ұйымдастырушылық мәселелерді шешу, сондай-ақ ұсынылған цифрлық шешімдерді кезең-кезеңімен дамыту қажеттігі атап өтілді.

    Бұл шараларды іске асыру санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бірыңғай цифрлық инфрақұрылымын қалыптастыруға, мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруға, мониторинг жүйесін жетілдіруге және эпидемиологиялық тәуекелдерге уақтылы ден қоюды қамтамасыз етуге бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" жаңалықтары