Қарақия ауданында қоғамдық кеңес отырысы өтті

    Қарақия ауданы әкімінің аппараты

    Қарақия аудандық қоғамдық кеңестің кезекті жиыны өтіп, әлеуметтік маңызы бар мекемелердің атқарылған жұмыстары жан-жақты сарапталды. Жиын барысында Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Айгүл Утарбаева баяндама жасап, мекеменің бұған дейінгі атқарған жұмыстарына толық тоқталып өтті. Орталық тарапынан отбасылық құндылықтарды нығайту, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға кешенді көмек көрсету және әлеуметтік қолдау шараларын үйлестіру бағытында атқарылған іс-шаралардың нәтижелері көпшілік назарына ұсынылды.

    Сонымен қатар жиында «Қарақия аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысы туралы Айнұр Қияқова баяндама жасап, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оңалту, әлеуметтендіру және оларға көрсетіліп жатқан арнайы педагогикалық-психологиялық көмектің сапасы мен қолжетімділігі жөнінде кеңінен баяндады.

    Күн тәртібінде көтерілген маңызды мәселелер комиссия мүшелерінің арасында қызу талқыға түсіп, өз кезегінде кеңес қатысушылары өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Жиын соңында айтылған ұсыныстар назарға алынды.

    Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының депутаттарын сайлауға байланысты № 5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

    Қарақия ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Азаматтардан келіп түскен өтініштерді қарауға қатысты ақпарат

    Қарақия ауданы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімімен азаматтардан келіп түскен өтініштерді есепке алу, олардын орындалысын бақылау жұмысына талдау жүргізілді. Талдау жұмысының қорытынды ақпараты бойынша...

    Қарақия ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша тіркеу қорытындылары туралы АҚПАРАТ

    Қарақия ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихаттының депутатығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ

    Қарақия ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Қарақия ауданы бойынша Маңғыстау облыстық және Қарақия аудандық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

    Қарақия ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Қарақия ауданы бойынша Маңғыстау облыстық және Қарақия аудандық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға арналған үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    Қарақия ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Хабарлама

    Қарақия ауданы әкімінің Х А Б А Р Ы

    Қарақия ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Қарақия ауданының учаскелік сайлау комиссиялары

    Қарақия ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды: