Түркістан облысы Полиция департаментінде аудандық полиция бөлімдерінің криминалист-сарапшыларына ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану бойынша практикалық сабақ ұйымдастырылды.
Оқу барысында мамандар дрондардың техникалық мүмкіндіктерімен, оларды басқару қағидаларымен, ұшуға дайындық тәртібімен және қауіпсіздік талаптарымен таныстырды. Практикалық бөлімде қатысушыларға ұшқышсыз аппараттарды басқару, сондай-ақ фото және бейнетүсірілім жүргізу дағдылары көрсетілді.
Бұдан бөлек дрондарды оқиға орындарын қарап-тексеру, әуеден жағдайды тіркеу және жедел-криминалистикалық іс-шараларды жүргізу кезінде пайдалану мүмкіндіктеріне баса назар аударылды.
Мұндай сабақтар криминалист-сарапшылардың кәсіби біліктілігін арттыруға, полиция қызметіне заманауи технологияларды енгізуге және қылмыстарды ашу әдістерін жетілдіруге бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









