ОТЫРАРДЫҢ АРДАҚТЫ АЗАМАТТАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    1 / 5
    Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ауданның Құрметті азаматтары Мырзахмет Темірбеков пен Уәлихан Ұзақовты арнайы қабылдап, еліміздің жоғары мемлекеттік наградаларының бірі – «Құрмет» орденімен марапатталуларымен құттықтады.
    Кездесу барысында аудан басшысы қос азаматтың елге сіңірген еңбегіне, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесіне ерекше тоқталып, олардың өмір жолы мен азаматтық ұстанымы кейінгі буынға үлгі екенін атап өтті.
    – Сіздер саналы ғұмырларыңызды ел қызметіне арнап, туған жердің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қостыңыздар. Еңбектеріңіз еленіп, мемлекет тарапынан жоғары марапатқа ие болуларыңыз – барша отырарлықтар үшін үлкен қуаныш. Бұл – көп жылғы адал қызметтеріңізге көрсетілген лайықты құрмет, – деді аудан әкімі.
    Қабылдау барысында Қайрат Жолдыбайұлы қос азаматтың иықтарына зерлі шапан жауып, құрмет көрсетті.
    Айта кетейік, Мырзахмет Темірбеков пен Уәлихан Ұзақов 25 қазан – Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградамен марапатталған болатын.
    Ел игілігі жолындағы елеулі еңбектерімен танылған азаматтарға көрсетілген бұл құрмет – өскелең ұрпаққа өнеге, туған жерге қызмет етудің жарқын үлгісі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Отырар ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары