Шымкент қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында полиция қызметкерлері Toyota Camry және Toyota Land Cruiser маркалы автокөліктердің жүргізушілерін анықтады. Олар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, өзгелерге қауіп төндірген.
Атап айтқанда, жүргізушілер жолда авариялық жағдай туғызған, бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өтіп, жарық құралдарын пайдалану және жол таңбаларының талаптарын сақтамаған.
Тексеру барысында олардың 18 жастағы Мақсат Төлеген мен 22 жастағы Дінмухаммед Сүлеймен екені анықталды. Сонымен қатар, Мақсат Төлегеннің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені белгілі болды.
Бұдан бөлек, екі жүргізушінің әрекетінен ұсақ бұзақылық белгілері де анықталды.
Аталған құқық бұзушылықтар бойынша жүргізушілерге қатысты 6 әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен екеуі де 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








