Көліктегі полиция департаменті «Пиротехника» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші кезеңін өткізуде. Аталған іс-шара қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және пиротехникалық бұйымдардың заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Бұл туралы Көліктегі ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Қайрат Дүйсенов айтты.
Оның сөзінше, осы жылдың 10–30 қарашасы аралығында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында «Пиротехника» ЖПІШөтеді және ол еліміздің әуежәне теміржол көлігі нысандарын қамтиды.
Қ. Дүйсенов көлік полицейлерінің басты назары сертификатталмаған пиротехниканы заңсыз сату деректерін анықтау мен жолын кесуге, сондай-ақ оны теміржол арқылы тасымалдау ережелерін тексеруге аударылып отырғанын атап өтті. Тәртіп сақшылары вокзалдар мен перрондарды патрульдеп, жолаушылар пойыздарын, соның ішінде «Астана – Алматы», «Астана – Шымкент», «Астана – Өскемен» және «Астана – Орал» бағыттарындағы жолаушылар пойызын тексеруде.
Бүгінгі таңда ЖПІШ-ға Көліктегі ПД-нің 400-ден астам қызметкері жұмылдырылды. Оқу орындары мен жолаушылар пойыздарында 200-ге жуық рейд өткізіліп, 3 мыңға жуық профилактикалық жадынамалар таратылды. Жалпы, рейдтік іс-шаралар отшашулар мен петардалардың рұқсат етілмеген саудасына жол бермеу мақсатында бүкіл Қазақстан бойынша теміржол нысандарын қамтиды. Бұдан бөлек, Департаменттің аумақтық бөліністерінің қызметкерлері сауда павильондарын тексеріп, вокзалдарда, перрондарда, станцияларда және жолаушылар пойыздарында бейберекет сауданың жолын кесуде.
«Көлік нысандарындағы азаматтар мен жолаушылардың қауіпсіздігі —қызметіміздің басым бағыттарының бірі. Біз тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға, пиротехниканы рұқсат етілмеген сауда орындарынан сатып алмауға және оны айналасындағыларға қауіп төндіретін жерлерде қолданбауға шақырамыз», — деді Қ. Дүйсенов.
Көлік полициясы пиротехникалық бұйымдарды пайдалану ережелерін сақтау — қауіпсіздіктің, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепіліекендігін тағы да ескертеді.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









