Көліктегі полиция есірткі жеткізу арнасының жолын кесті

    Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Көліктегі полиция департаментініңқызметкерлері теміржол көлігі саласыжұмысшыларының қатысуымен есірткіқұралдарының заңсыз айналымы фактісін анықтады.

    Айталық, ағымдағы жылдың қазан айында«Түркістан – Павлодар» бағытындағы жолаушыларпойызының 39 жастағы жолсерігі ұсталды. Оныңтұрғылықты жерін тінту барысында 5 келіден астамгашиш есірткі заты анықталып, тәркіленді.
    Одан әрі жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында есірткі заттарынжеткізуші деген күдікке ілінген 33 жастағыЖамбыл облысының тумасы анықталып, ұсталды. Ол есірткі заттарын ақшалай сыйақы үшін өткізген.

    Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген есірткізаттарының қара нарықтағы құны 18 миллион теңгеден асады. Осылайша, Көліктегі полиция департаменті еліміздің оңтүстік өңірлерінен елордаға есірткі заттарын жеткізу арнасының жолын кесті.

    Аталған факті бойынша ҚазақстанРеспубликасы Қылмыстық кодексінің 297-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
    Қазіргі уақытта құқық бұзушылықтың барлықмән-жайларын анықтауға, сондай-ақ есірткізаттарының заңсыз айналымына қатысы болуымүмкін өзге де тұлғаларды анықтауға бағытталғанқажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларыжүргізілуде.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі полиция департаменті" жаңалықтары