Абай облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

    Абай облысында "Таза Қазақстан" аясында қоғамдық тазалықты сақтау, елді мекендерді абаттандыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

    Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 2 900-ден астам рейдтік іс-шара өткізіп, нәтижесінде абаттандыру қағидаларын бұзу және қоғамдық орындарды ластау бойынша 11 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолын кесті.

    Атап айтқанда, елді мекендердің абаттандыру қағидаларын сақтамаудың 10 128 және қоғамдық орындарды ластаудың 980 дерегі болды.

    Құқық бұзушылықтардың жолын кесуде заманауи цифрлық технологиялардың да маңызы зор. Бейнебақылау жүйелерінің көмегімен қоғамдық орындардың ластануы мен абаттандыру талаптарының бұзылуы тұрақты бақылауға алынған. Есепті кезеңде камералар арқылы осындай 1 300-ден астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді, заң талаптарын елемеген азаматтар тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жүргізілген жұмыстар нәтижесінде облыс аумағындағы 78 заңсыз қоқыс орны анықталып, жойылды.

    Полиция өңір тұрғындары мен қонақтарын тазалық мәдениетін сақтауға, қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға, абаттандыру талаптарын бұзбауға және қоршаған ортаны қорғауға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары