"Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында учаскелік полиция инспекторлары Ақсу шағын ауданындағы Ертіс өзенінің жайылмасынан шығып келе жатқан Нива автокөлігін тоқтатты.
Тексеру барысында көліктің салоны мен жүксалғышынан резеңке қайық, үш қап балық және балық аулау үшін пайдаланылған қолдан жасалған электрлі балық сүзгіш анықталды.
– Балық аулау қағидаларын өрескел бұзғаны, сондай-ақ тыйым салынған құралдар мен тәсілдерді пайдаланғаны үшін азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз балық аулау құралы тәркіленіп, автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды, – дейді Ақсу қаласы полиция бөлімі бастығының орынбасары Максим Кустанов.
Ведомствода атап өткендей, ау мен басқа да тыйым салынған құралдарды пайдалану су биоресурстарына зиян келтіріп, табиғи тепе-теңдікті бұзады және балық қорын сақтауға кедергі келтіреді.
Балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделгенін еске саламыз. Құқық бұзушылықтың мән-жайы мен ауырлығына қарай әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қолданылуы мүмкін.
Полиция тұрғындар мен өңір қонақтарын балық аулау қағидаларын сақтауға, табиғатқа ұқыпты қарауға және тыйым салынған балық аулау құралдарын пайдаланбауға шақырады.
Егер заңсыз балық аулау дерегінің куәсі болсаңыз, бұл туралы 102 нөмірі арқылы полицияға хабарлаңыз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








