2026 жылғы 3 қарашада Павлодар облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаментінің әлеуметтік фронт-офисі базасында БЖЗҚ Павлодар облыстық филиалы өкілдерінің қатысуымен Ашық есік күні өтті.
Іс-шараны өткізу облыс және қала аудандарының тұрғындарына Департамент пен БЖЗҚ мамандарына жеке жүгінуге, Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қажетті кеңестер мен түсініктемелер алуға мүмкіндік берді.
Күні бойы азаматтар зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау, зиянды жағдайларда жұмыс істегені үшін арнайы әлеуметтік төлемдерді алу, асыраушысынан айырылуына байланысты төлемдерді тағайындау, сондай-ақ әлеуметтік салада заңнаманы қолдануға байланысты басқа да мәселелер бойынша өтініш білдірді.
Департамент мамандары қолданыстағы заңнама нормалары, оларды қолдану тәртібі бойынша егжей-тегжейлі түсініктемелер берді, түрлі жағдайларды қарады және ұсынылған құжаттарды түсіндіруге көмек көрсетті.
Алдын ала дайындықты, атап айтқанда алдағы зейнетке шығу және әлеуметтік төлемдерді ресімдеу үшін қажетті құжаттарды қалыптастыруды талап ететін мәселелерге ерекше назар аударылды.
Келушілердің айтуынша, олар департамент мамандарынан кеңес алу мүмкіндігі туралы туыстары мен таныстарынан, сондай-ақ қалалық және аудандық Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы біледі. Азаматтар мамандардың қолжетімділігін, ұсынылатын ақпараттың дұрыстығы мен толықтығын, сондай-ақ қажетті құжаттар тізбесі және одан әрі іс-қимылдар туралы мәліметтерді алдын ала алу мүмкіндігін атап өтеді.
Ашық есік күнінің қорытындысы бойынша Павлодар облысының тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарға тікелей департамент мамандарынан білікті кеңестер мен жауаптар алды.
Мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік органның ашықтығы және өңір тұрғындары үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі қағидатының көріністерінің бірі болып табылады. Мамандарға тікелей жүгіну және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша құзыретті түсініктемелер алу мүмкіндігі туындаған мәселелерді уақтылы және тиімді шешуге ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








