Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен ақын Қадыр Мырза Әлі шығармашылығына арналған «Қадыр оқулары» аймақтық жас ақындар байқауы өтті.
Іріктеу кезеңіне 16 жас ақын қатысып, олардың жетеуі келесі кезеңге жолдама алды. Қатысушылар Қадыр ақынға арналған және патриоттық тақырыптағы авторлық өлеңдерін оқып, ақын шығармаларын жатқа орындады.
Байқау қорытындысы бойынша:
* І орын — Жұмабай Арнұр Нұрланұлы, Батыс Қазақстан облысы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті;
* ІІ орын — Бегежан Ұлархан Нұрлыбекұлы, Қызылорда облысы, Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-модератор;
* ІІІ орын — Ширмедин Ақбота, Батыс Қазақстан облысы, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенті;
* ІІІ орын — Садиев Дәурен, Батыс Қазақстан облысы, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенті;
* Алғыс хат — Шәки Жанарыс, Батыс Қазақстан облысы, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенті.
Жүлдегерлер дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жас ақындарға шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілейміз! Қадыр жырлары ұрпақ жүрегінде жаңғыра берсін!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









