Таразда 17 миллионның алтын бұйымдарын ұрлаған күдіктілер ұсталды

    Таразда 17 миллионның алтын бұйымдарын ұрлаған күдіктілер ұсталды

    Полицияның 102 нөміріне Тараз қаласының тұрғыны қоңырау шалып, пәтерінен 30 данадан астам алтын бұйымдарын, гаухар тастарын және 830 мың теңге көлемінде ақшалай қаражатын ұрлап кеткені туралы хабарлаған.

    Күдіктілер пәтерге үйде ешкім жоқ кезде келіп, есіктің құлпын бұзу арқылы кірген.

    Қолды болған ақшаның арасында қырғыз сомы, еуро, қытай юані болған.

    Жалпы келтірілген шығын көлемі 17 миллион теңгеден асқан.

    Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері екі ер адамды анықтады. Ұсталғанның бірі Түркістан облысының тұрғыны.

    Тінту кезінде күдіктілердің әрқайсысынан айғақ заттар табылған. Олар кейбір бұйымдарды сатып үлгерген.

    Қазіргі уақытта аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Полиция департаменті" жаңалықтары