Сарысуда полицейлер оқушыларға Абайдың «Қара сөздерін» тарту етті
Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Сарысу ауданының Саудакент, Өндіріс және Ұйым ауылдарының тұрғындарымен «Есірткісіз ауыл» тақырыбында кездесу өткізілді.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткен кездесулерде есірткіге тәуелділіктің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және балалар мен жастар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға тұрғындардың белсенді қатысуының маңыздылығы сөз болды.
Спикерлер есірткіге қарсы профилактика отбасы, мектеп, мемлекет және қоғамның бірлескен жұмысын қажет ететінін атап өтті. Жасөспірімдердің қызығушылығы мен араласатын ортасына көңіл бөлу қауіптің алдын алуға және олардың энергиясын пайдалы бағытқа бұруға мүмкіндік береді.
Кездесу тек ақпараттық баяндамалармен шектелген жоқ. Тұрғындар мен оқушылар мемлекеттік органдар және қоғам өкілдерімен тікелей пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды.
Іс-шара соңында полицейлер оқушыларға Абай Құнанбаевтың «Қара сөздер» кітабын сыйға тартты. Ұлы қазақ ойшылының бұл туындысы өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесіне, өмірге жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және өмірлік құндылықтарды саналы түрде таңдауға ықпал етуге бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









