«Есірткісіз болашақ»: Жамбыл облысында 100-ге жуық оқушы спорттық эстафетаға қатысты
🚔«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Мойынқұм ауданының Ұланбел ауылында салауатты өмір салтын насихаттауға және жастар арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған спорттық-профилактикалық эстафета ұйымдастырылды.
✅Іс-шараны Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес және «Нығмет-Нұры» қоғамдық бірлестігі бірлесіп өткізді.
🤾♀️Спорттық сайыс барысында қатысушылар арқан тартысу, допты торға дәлдеу, ұзындыққа секіру сынды түрлі кезеңдерден өтіп, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, күш-жігері мен командалық бірлігін көрсетті. Қатысушылар тартысты бәсекеде өзара бақ сынап, қызықты ойын өрнегін көрсетті.
🏆Іс-шара соңында барлық қатысушыларға Жамбыл облысы Полиция департаментінің алғыс хаттары, естелік сыйлықтар және «Есірткісіз болашақ» деген жазуы бар футболкалар табысталды.
📌Мұндай профилактикалық іс-шаралар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, оларды спортқа баулуға және есірткісіз қоғам қалыптастыруға ықпал етеді.
#ЗаңменТәртіп #ЕсірткісізБолашақ









