Жамбыл облысында көлік терезесін заңсыз күңгірттеген жүргізуші жауапқа тартылды
🚔 Жамбыл облысында полиция қызметкерлері көлік құралдарының техникалық жай-күйіне қатысты талаптардың сақталуын бақылауды жалғастыруда.
📍Аумақты патрульдеу барысында Төле би көшесінде полиция қызметкерлері «Toyota Camry» автокөлігін тоқтатып, оның алдыңғы терезелерінің жарық өткізгіштігі талапқа сай келмейтінін анықтады.
Тексеру барысында көлік құралын пайдалануға тыйым салынғаннан кейін оның белгіленген тәртіппен қайта тіркелмегені де анықталды.
👮♂️ Заң талаптарына сәйкес жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көліктің терезелеріндегі заңсыз күңгірттеу жабындысы алынып тасталды.
Жалпы жыл басынан бері көлік құралдарының әйнектерін заңсыз күңгірттегені үшін 14 056 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
⚠️ Полиция жүргізушілерді көлік құралдарына өзгеріс енгізу кезінде белгіленген талаптарды қатаң сақтауға шақырады.
Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік.
#ЗаңМенТәртіп #ЖолҚауіпсіздігі









