Жамбыл облысында «Қауіпсіз үй» іс-шарасы жалғасуда
Жамбыл облысы ПД Баспасөз орталығында өткен тікелей эфирде ҚҚБ ЕТЖ аға инспекторы, полиция подполковнигі Куаныш Ақболатов пен аға инспекторы полиция капитаны Еркебұлан Ибрагим республикалық «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Екі апта ішінде профилактикалық бақылауды қажет ететін 1 990 проблемалық мекенжай анықталып, оның 1 372-сі тексерілді. Қауіпсіздікке кері әсер етуі мүмкін 312 тәуекел факторының 302-сі жойылды.
Сонымен қатар профилактикалық есепте тұрған азаматтарға қатысты 5 084 тексеру жүргізіліп, көші-қон заңнамасын бұзудың 868 дерегі анықталды.
Балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында болған 62 кәмелетке толмаған анықталып, алкогольдік ішімдіктерді тұтыну немесе масаң күйде жүру деректері бойынша тағы 3 жасөспірім полицияға жеткізілді. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін 14 бала бейімдеу орталығына орналастырылды.
Халықпен өзара іс-қимылды нығайту мақсатында 409 кездесу өткізіліп, 7 765 тұрғын қамтылды.
Іс-шара 5 қарашаға дейін жалғасады.
Қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік!
#ҚауіпсізҮй #ЗаңМенТәртіп









