Екатеринбург Қазақстанды Республика күнімен құттықтауда

    1 / 3

    Екатеринбург, 2026 жылғы 24қазан – Республика күніне орай Екатеринбург-Ситидің зәулім ғимараттары Қазақстан туының түсіне бөленді.

    Ресейлік тарап өз құттықтауында «Республика күні - бұл Қазақстанның дамуын және оның тарихи жолының сабақтастығын бейнелейтін маңызды күн.

    Мереке қазақ халқының ұлттық тамырына: бай көшпелі мәдениетке, қонақжайлық дәстүрге және бүгінгі күнге дейін қоғамның маңызды тірегі және адамдар арасындағы сенімді қарым-қатынастардың негізі болып қалатын рулық байланыстарға деген терең құрметті де көрсететіні ерекше құнды. Біз үшін өзара сыйластыққа негізделген серіктестікті сақтау маңызды.

    Қазақстан халқын мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Қазақстан Республикасына өркендеу, ал оның азаматтарына – бейбітшілік пен амандық тілейміз!

    Қазақстан Республикасы күніне орай Екатеринбург қаласы тарапынан Қазақстанға құрмет пен достық қарым-қатынас белгісі ретінде 2026 жылғы 22,23 және 25 қазанда Екатеринбург-Ситидің «Исеть БО» және «Демидов БО» екі зәулім ғимаратын жарықтандыру ұйымдастырылады», - деп атап өтті.

    Екатеринбург қаласының әкімшілігіне және РФ СІМ-нің Екатеринбургтегі өкілдігіне алғыс білдірген Екатеринбург қаласындағы ҚР Бас консулы Жарас Мамүтбеков ұлттық мереке – Республика күнінің тарихи маңызына тоқталды. Қазақстандық дипломат осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын, 1990 жылдың 25 қазанында Қазақстан Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны қабылдағанын, бұл еліміздің Тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болғанын атап өтті.

    Екатеринбург-сити-Екатеринбург қаласының орталығында салынып жатқан бизнес-квартал. Жобаның негізгі инвесторы«УГМК-Застройщик»болып табылады. Кешеннің жобасы алғаш рет 2006 жылы енгізілді. 2014 жылы«ИсетьБО»құрылысы аяқталды (52 қабат, 209 метр). Құрылыс кезінде бұл Мәскеуден тыс Ресейдегі ең биік ғимарат болды.

    2016 жылы«Демидов БО»ашылды (34 қабат, 134,95 метр).

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Екатеринбург қаласындағы Бас консулдығы" жаңалықтары