Қазақстан Республикасының Екатеринбург қаласындағы Бас консулдығы

    Бас консулдық туралы

    Қазақстан Республикасының Екатеринбург қаласындағы Бас консулдығының ресми сайтына қош келдіңіздер!

    Қазақстан Республикасының Екатеринбург қаласындағы Бас консулдығы 2023 жылғы 10 шілдеде ресми ашылды.

    Консулдық округке Ресей Федерациясының 5 субъектісі кіреді:

    • Пермь өлкесі
    • Свердлов облысы
    • Челябі облысы
    • Қорған облысы
    • Түмен облысы

    Қазақстан Республикасының, заңды және жеке тұлғаларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сонымен бірге, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы (Орал федералды округі және Пермь өлкесі) арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ету Бас консулдық қызметінің негізгі бағыттарына кіреді.

    Ресми сайт парақшаларында консулдық мәселелер бойынша өзекті анықтамалық ақпараттармен және Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, ғылыми және мәдени өмірі туралы жаңалықтармен танысуды ұсынамыз.

    Біздің елдің инвестициялық және туристтік әлеуеті туралы презентациялар, сонымен бірге, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың ресми сайттарына сілтемемер қызығушылық тудыруы мүмкін.