Public Talk: «Халықаралық диалогтың архитектурасы осында және қазір»

    1 / 4

    Екатеринбург, 2026 жылғы 29 қазан – Қазақстанның Екатеринбургтегі Бас консулы Жарас Мамутбеков Ресей СІМ-нің Екатеринбургтегі өкілдігі Екатеринбургтің тарихы мұражайымен бірлесіп ұйымдастырған «Халықаралық диалогтың архитектурасы осында және қазір» атты Public Talk қатысты.

    Іс-шара аясында дипломат тыңдаушыларға Екатеринбургте Қазақстанның Бас консулдығының құрылу тарихы, Қазақстан-Ресей қатынастары, консулдық жұмыстың қыр-сыры, Екатеринбургтегі РФ СІМ өкілдігімен, басқа билік органдарымен: федералдық, өңірлік, муниципалдық, кәсіпорындармен және жетекшілік ететін өңірлердің ұйымдарымен өзара іс-қимыл туралы айтып берді, сондай-ақ аудиторияның сұрақтарына жауап берді.

    Ж.Мамутбеков бүгінгі таңда біздің елімізде болып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы егжей-тегжейлі баяндады. Атап айтқанда, 2026 жылдың наурыз айында Қазақстанда Конституция қабылданып, бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтай жұмыс істей бастады.

    Сонымен қатар, Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша биыл Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 400 миллиард долларға жақындап, ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы мөлшері 19 мың АҚШ доллардан асатынын атап өтті.

    Экономика көлемі бойынша біздің еліміз әлемде 47-ші орында. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан халқы әлдеқайда көп бірқатар елдерден асып түседі.

    ЖІӨ құрылымындағы үлесі 14 пайыздан асқан өңдеу өнеркәсібі де қарқынды дамып келеді. Бұл ұлттық экономиканы әртараптандыру бойынша жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі.

    Ұлттық қордың алтын-валюта резервтері мен активтерінің көлемі 130 миллиард доллардан асты.

    Сонымен қатар, 28 қазанда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялағанына, елдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына, инфрақұрылымды жаңғыртуға, көліктік-логистикалық және энергетикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған бірқатар бастамаларды ұсынғанына баса назар аударды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Екатеринбург қаласындағы Бас консулдығы" жаңалықтары