Екатеринбург, 2026 ж. 6 қараша – УрФУ-дың оқытушылары мен студенттері Бас консулдықта болды.
Болашақ халықаралық мамандар Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарының өзекті тақырыптарына, УрФУ мен Пермь өлкесіндегі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының іскерлік байланыстарын дамыту перспективаларына, дарынды жастарды қолдауға, білім беру мен кәсіби құзыреттілікті дамытуға, цифрландыруға, жасанды интеллект және креативті индустрияларға қызығушылық танытты.
Бас консул Жарас Мамутбеков Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған Қазақстандағы ауқымды саяси реформалар туралы айта келе, Мемлекет басшысы «өскелең ұрпақтың игілігі үшін мол қаржы қалдырумен қатар, технологиялық тұрғыдан өркендеген, бәсекеге қабілетті әрі күшті экономикасы, озық инфрақұрылымы бар, өмір сүру үшін қолайлы, әр азаматтың өзін-өзі дамытуына барлық жағдай жасалған жаңа тұрпатты мемлекет құрып, аманат ету» туралы мақсат қойғанын атап өтті.
УрФУ халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры С.Тушин Урал Федералды университетінің жанынан Қазақстанмен ынтымақтастықты дамыту орталығын құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Әңгімелесу барысында студенттер университетті бітіргеннен кейінгі өздерінің жоспарларымен бөлісті. Кездесу соңында дипломаттар Қазақстанның азаматы болып табылатын студенттерді Бас консулдыққа келіп, тәжірибеден өтуге шақырды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









