Патрульдік полицейлер көлге батып бара жатқан 16 жастағы жасөспірімді құтқарды

    Патрульдік полицейлер көлге батып бара жатқан 16 жастағы жасөспірімді құтқарды

    «102» арнасына қала тұрғынынан көлге жасөспірімнің батып бара жатқаны және оған шұғыл көмек қажет екені туралы хабарлама келіп түсті.

    Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипажы жіберілді. Оқиға орнына жеткен полицейлер жасөспірімнің балық аулау кезінде абайсызда көлге құлап кеткенін анықтады. Суға түскен ол тасқа ілініп қалып, өздігінен жағаға шыға алмаған.

    Бір сәт те ойланбастан, патрульдік полиция қызметкерлері — полиция аға лейтенанты Маханбет Шаянбаев пен полиция лейтенанты Қасымхан Қалаубек суға секіріп, жасөспірімді құтқарып қалды.

    Құтқарылған жасөспірім облыс орталығының 16 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған алғашқы көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Қуанышқа орай, қазіргі уақытта оның жағдайы жақсы.

    Жасөспірімнің ата-анасы полиция қызметкерлеріне жедел әрекеті, батылдығы және ұлын аман алып қалғаны үшін шынайы алғыстарын білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Полиция департаменті" жаңалықтары