Ереван, 2026 жылғы 16 қазан Биологиялық әртүрлілік жөніндегі БҰҰ конференциясы (КС-17) аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Өзбекстан Республикасы Президентінің экология мәселелері жөніндегі кеңесшісі, Экология және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитеттің төрағасы Азиз Абдухакимовпен кездесті. Өзбекстан тарапы Қазақстанның киік популяциясын сақтау және қалпына келтіру бағытындағы тәжірибесіне жоғары баға берді. Кездесу барысында тараптар Өзбекстан аумағына киіктерді қайта жерсіндіру мәселелері бойынша ынтымақтастықты талқылап, практикалық мәселелерді бірлесіп пысықтауды жалғастыруға уағдаласты. Азиз Абдухакимов Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммиттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, оның аясында қабылданған бастамаларға қолдау білдірді. Өз кезегінде Әлібек Қуантыров аталған бастамаларды іске асыру бойынша нақты жұмыстар басталғанын, оның ішінде «Орталық Азияның жасыл қалқаны» бастамасы мен ормандарды қалпына келтіру бағытында тиісті шаралар қабылданып жатқанын жеткізді. Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі атмосфералық ауаның сапасын жақсарту мәселесі болды. Тараптар таза ауаның екі ел үшін де маңыздылығын атап өтіп, кәсіпорындардан шығатын зиянды шығарындыларды азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат алмасты. Сондай-ақ шекаралас өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту бағытында бірлескен жұмыс жүргізуге келісті. Министрлер өңірлік ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне де ерекше назар аударды. Атап айтқанда, Орталық Азия елдерінің халықаралық алаңдарда ортақ ұстаным білдіруі бағытында жұмыс жүргізу, сондай-ақ Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) қатысуымен Орталық Азияның Қызыл кітабын әзірлеу барысында өңір мамандарының күш-жігерін біріктіру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұдан бөлек, тараптар қалдықтарды басқару мәселелерін талқылап, осы саладағы тәжірибе мен озық практикалар алмасуды жалғастыруға келісті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар талқыланған барлық бағыттар бойынша тығыз ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендерін растады.
Қазақстан мен Өзбекстан КС-17 аясында экология саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 4
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу
Екі жүзден астам қазақстандық кейбір мемлекеттік жәрдемақылардан өз еркімен бас тартты: шешім саналы түрде қабылданады
Ұлытау облысы Жаңарқа ауданы Ералиев ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Тіркелген мекенжай бойынша мәліметті қалай алуға болады
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
✍️ Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Сазды ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Қызылорда облысында Республика күніне орай республикалық Republic Day және Bereke Fest акциялары өтеді
Шиелі ауданының әкімдігіАшу
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті" жаңалықтары

Қаратау қорығының бірегей табиғаты журналистер назарында
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіАшу
Оңтүстік Алтайда алғаш рет қар барысына спутниктік қарғыбау орнатылды
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіАшу
«Алтын-Емел – құландар мекені»: Ұлы дала табиғаты мен мәдениеті тоғысқан фестиваль
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіАшу
Құрметті орман шаруашылығы саласының қызметкерлері! Қадірлі сала ардагерлері!
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіАшу
Биоалуантүрлілікті сақтауды қаржыландыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіАшу