Жамбыл облысында қылмыс деңгейі 16,7%-ға төмендеді
Жамбыл облысында Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайсар Сұлтанбаевтың төрағалығымен 2026 жылдың тоғыз айындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы бойынша кеңес өтті.
Есептік кезеңде өңірде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтың саны 16,7%-ға азайған. Жалпы қылмыстың ашылу көрсеткіші 70,6%-ға дейін өсті. Ауыр және аса ауыр қылмыстар санының азайғаны байқалады.
ПД бастығы құқық бұзушылықтардың алдын алуды, интернет-алаяқтыққа, есірткі қылмысына және ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының іргетасы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекциядан басталатынын атап өтті. Жастар арасындағы топтық қылмыстардың алдын алуға, тыйым салынған суық қаруларды алып жүрудің жолын кесу бағытындағы жұмыстарды қарқынды жалғастыруға ерекше назар аударды.
— Біздің басты міндетіміз — қылмысты ашумен ғана шектелмей, оның алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, халықтың полицияға деген сенімін арттыру. Жалпы динамика жаман емес, бірақ бұл бізді босаңсытпауы тиіс.
Атқаратын жұмыс көп. Бастысы, жүктелген міндеттерді сапалы орындау қажет, - деді Қайсар Сұлтанбаев.
«Таза Қазақстан» бастамасын іске асыру аясында қоқысты заңсыз тастаудың, абаттандыру ережелерін бұзу мен вандализмнің жолын кесу, сондай-ақ есірткі жарнамаларын анықтау және жою бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.
Сонымен қатар, тергеу бағытына бөлек тоқталған ПД бастығы арызданушылармен және жәбірленушілермен үнемі тығыз байланыста болу өте маңызды екенін баса айтты.
ПД бастығы аудандардағы басшылардың қызмет көрсететін аумақтардағы жедел жағдай мен жеке құрамның тәртібі үшін жеке жауапкершілігін айтты.
Он күн мерзімде белгіленген бағыттар бойынша нақты іс-шараларды бекіту және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Уақтылы қабылданған шаралардың арқасында орын алуы мүмкін қылмыстар мен қайғылы оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік туды. Тәркіленген әрбір тыйым салынған зат – біреудің өмірін аман алып қалуға ықпал етуі мүмкін. Бір ғана пышақ немесе кастет біреудің қолында орны толмас қайғыға себеп болуы ықтимал.
Біздің мақсатымыз – қайғылы жағдайдың орын алуын күту емес, оның алдын алу және болдырмау. Азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету – біздің басты басымдығымыз болып қала береді.
Жедел кеңес соңында департамент бастығы 9 айдың қорытындысымен қылмысты ашу бойынша ең жоғары көрсеткіштерге жетіп, «Үздік аудандық полиция бөлімі» марапатын жеңіп алған Талас АПБ жеке құрамына алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлығын табыстады. Бұл өз кезегінде қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасын арттыруға мүмкіндік бермек.
Жамбыл облысында қылмыс деңгейі 16,7%-ға төмендеді
Ұқсас материалдар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ АЛДЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
АшуБолгария екі елдің дипломатиялық институттары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі
Болгария Республикасындағы Казақстан Республикасының ЕлшілігіАшу
«ЗЕРДЕЛІ ҰРПАҚ» ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ!
Абай облысы білім басқармасы «Жаңасемей ауданының білім бөлімі» ММАшу
Су ресурстары және ирригация министрі Қостанай облысы Қарабалық ауданының тұрғындарымен кездеседі
Қостанай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыАшу
АУЫЗ СУ БЕРУ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ
Қостанай қаласының әкімдігіАшу
"Жамбыл облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Таразда кезекті есірткі жасырушы ұсталды
Жамбыл облысының Полиция департаментіАшу
«Заңсыз келуші-2026»: Жамбыл облысында 88 шетел азаматы Қазақстаннан 5 жылға шығарылдыет
Жамбыл облысының Полиция департаментіАшу
Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлікті 16 жасқа толған кезде алғаш рет рәсімдейді.
Жамбыл облысының Полиция департаментіАшу
Вандализм: Жамбыл облысында 82 құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Жамбыл облысының Полиция департаментіАшу
«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді
Жамбыл облысының Полиция департаментіАшу