Кешенді қауіпсіздік - барлығына ортақ міндет

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 5

    Бүгінде білім беру ортасының қауіпсіздігін тек сыртқы қауіп-қатерлерден қорғаумен шектеуге болмайды. Бұл - баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету, психологиялық жайлылықты қалыптастыру, педагогке қолдау көрсету, білім алудың қолжетімділігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтитын кешенді жүйе.

    Осы мәселелерге облыстық кәсіподақ ұйымының қолдауымен өткен «Білім беру қоғамдастығының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын кешенді қамтамасыз ету» тақырыбындағы өңірлік стратегиялық сессия арналды.

    Сессия жұмысына қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, балалар үйлері мен арнайы мектеп-интернаттардың директорлары, білім беру жүйесінің өкілдері және әлеуметтік серіктестер қатысты.

    Іс-шара барысында қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастырудың практикалық тәсілдері, білім алушылардың құқықтарын қорғау, инклюзивті білім беруді дамыту, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы және педагогтер үшін қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

    Тәрбие жұмысына да ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, балалардың жауапкершілік мәдениетін, құрмет пен сыйластық құндылықтарын және заңға бағыну мінез-құлқын қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Бұл құндылықтардың жекелеген іс-шаралардың тақырыбы болып қана қоймай, күнделікті мектеп өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы маңызды.

    Білім беру саласындағы қауіпсіздік барлық қатысушылардың – педагогтердің, ата-аналардың, басшылардың, бейінді қызметтердің және білім алушылардың үйлесімді іс-қимылын талап етеді. Осындай кешенді тәсіл ғана баланың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты білім беру жүйесінің барлық бағытындағы жұмыстың маңызды бөлігіне айналатын қолайлы ортаны жүйелі түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары