«ҮЙ – БАЛА ҚОРҚАТЫН ЖЕР БОЛМАУЫ ТИІС»

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 4

    11 қыркүйек – «Отбасы – қолдау кеңістігі» тақырыбы аясында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жеке шекаралар мәдениетін және қауіпсіз қарым-қатынастарды қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аудару қажет.
    Отбасы апталығы аясында мектеп психологтары ата аналармен «Үй қауіпсіз орын болуы тиіс», «БАЛА ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ КУӘГЕРІ БОЛМАУЫ ТИІС», «ҚОРҚЫНЫШСЫЗ БАЛАЛЫҚ» тақырыбында
    дөңгелек үстел, ашық алаң, тренинг форматтарында іс шара өткізді. Ата аналармен жұмыс барысында «СҮЙМЕУ», «МЕНІ ПЛИНТУС АРТЫНА ЖЕРЛЕҢДЕР», «ГЛУХАРЬ. ӘКЕЛЕРДІҢ КҮНӘЛАРЫ» атты бейнефильмдер көрсетіліп, әр фильм мазмұны бойынша мәселелер көтеріліп, ата –аналарға сұрақ, әр түрлі жағдаятта шешу арқылы балаға зиян тигізбеу, қорғау, қолдау және т.б ұсынымдар, ой пікірлермен бөлісті. Сонымен қатар,
    бүгінгі күні барлық мектептерде *111* сенім телефоны, Бала құқығын қорғау бойынша QR код бекітілген.
    111 байланыс орталығы балалардың, отбасының және әйелдердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өтініштерді қабылдайды, соның ішінде қатыгездік немесе зорлық-зомбылық фактісі белгілі болған немесе оған күдік болған жағдайларда да жүгінуге болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары