«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңда мемлекеттік қызметшінің клиентке бағдарлануына қандай талаптар көзделген?

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

    Сұрақ

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңда мемлекеттік қызметшінің клиентке бағдарлануына қандай талаптар көзделген?

    Жауап

    Мемлекеттік қызметшінің клиентке бағдарлануы оның лауазымдық өкілеттігін жүзеге асыруы кезінде, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қамтамасыз етіледі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері ескеріле отырып, олармен тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған талаптар жиынтығын қамтиды.

    Сонымен, мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарауға және өзінің лауазымдық өкілеттігі шегінде оларға толық әрі жан-жақты жауап ұсынуға міндетті.

    Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруды, оның ішінде:

    1) егер олардың құқықтары туындаған кезді айқындау мүмкін болса және оның келісімі болғанда, олардың жолданымынсыз;

    2) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өзара байланысты бірнеше құқығын бір уақытта іске асыруды қамтамасыз ету мүмкін болған жағдайда, бір жолданым негізінде;

    3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке тұлғалардың тұрғылықты жеріне немесе заңды тұлғалардың орналасқан жеріне қарамастан;

    4) өтініш берушіге жолданымда және қоса берілген құжаттарда жол берілген қателерді, дәлсіздіктерді немесе сәйкессіздіктерді жою, сондай-ақ жеткіліксіз құжаттарды не қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінде көзделген болса, оларды ұсыну мүмкіндігін беру арқылы жолданымды формальды негіздер бойынша қараудан бас тартуға жол бермей қамтамасыз етуге бағытталған, мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекеттік қызметшіге қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    Мемлекеттік қызметті өткеру мемлекеттік қызметшіге қазақстандық патриотизм, кәсібилік, клиентке бағдарлану, ашықтық, әдептілік және мінсіз бедел, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға және мүдделер қақтығысына төзбеушілік талаптарын қояды.

    ҚР МҚІА·
    Сұрақ

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға сәйкес «формальды талаптарды асыра пайдалануға тыйым салу» қағидаты нені білдіреді?

    Жауап

    Бұл қағидат лауазымды адамға жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын іске асырудан бас тартуға, оларды шектеуге не тоқтатуға, сондай-ақ формальды негіздер мәселені мәні бойынша қарауға кедергі келтірмесе, талаптарды тек қана осындай негіздер бойынша белгілеуге және қоюға бағытталғ...

    ҚР МҚІА·
    Сұрақ

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңда «меритократия» қағидаты нені білдіреді?

    Жауап

    Бұл қағидатҚазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік қызметке іріктеу олардың кәсіптік құзыреттері, лауазымдық міндеттерін тиімді орындауы, біліктілік талаптарына сай болуы негізіндебілдіреді.

    ҚР МҚІА·
    Сұрақ

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасы қандай қағидаттарға негізделеді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының қағидаттары: 1)заңдылық; 2)адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы; 3)есептілік, бақылауда болу және жауапкершілік; 4)мемлекеттік қызметке қол жеткізуге тең құқық; 5)рәсімдердің ашықтығы...

    ҚР МҚІА·
    Сұрақ

    Мемлекеттік қызмет нені білдіреді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі – мемлекеттік органдарда ақы төленетін мемлекеттік лауазымдарды атқаратын және осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген мемлекеттік қызметтің мақсаты мен ерекшеліктеріне сәйкес мемлек...

    ҚР МҚІА·
    Сұрақ

    Қандай жағдайларда тексеру жарамсыз болып табылады?

    Жауап

    Егер тексеру белгіленген, тексеру жүргізуге қойылатын талаптар өрескел бұзыла отырып жүргізілсе, атап айтқанда тексеру жүргізуге негіздердің және тексерудің басталатыны туралы хабарламаның болмауы,уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшесінің өз құзыретіне кірмейтін мәселеле...

    ҚР МҚІА·
    Сұрақ

    Лауазымдық өкілеттіктерді атқарумен байланысты емес, бірақ мемлекеттік қызметтің қадірі мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге қандай мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жатады?

    Жауап

    Лауазымдық өкілеттіктерді атқарумен байланысты емес, бірақ мемлекеттік қызметтің қадірі мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге:1) есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну;2) көлік құралын алкогольдік және (немесе) есіртк...

    ҚР МҚІА·
    Сұрақ

    Мемлекеттік қызметшілер бұрынғы мемлекеттік лауазымда тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылуы мүмкін ба?

    Жауап

    Иә, басқа мемлекеттік лауазымға (саяси немесе әкімшілік) орналасқан мемлекеттік қызметші бұрынғы мемлекеттік лауазымда тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жаза қолдану мерзімдері ескеріле отырып тәртіптік жауаптылыққа тартылады.

    ҚР МҚІА·