Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасы қандай қағидаттарға негізделеді?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының қағидаттары:
1)заңдылық;
2)адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;
3)есептілік, бақылауда болу және жауапкершілік;
4)мемлекеттік қызметке қол жеткізуге тең құқық;
5)рәсімдердің ашықтығы;
6)меритократия;
7)формальды талаптарды асыра пайдалануға тыйым салу;
8)мемлекеттік қызметшілерді кәсіби тұрғыдан дамыту үздіксіздігі;
9)құқықтық және әлеуметтік қорғалу;
10)Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де қағидаттар.