Қостанауда ер адамдар алаяқтықтың бірқатар эпизодтарына күдікпен ұсталды
Тергеу деректері бойынша, олар 10 қылмыстық іске қатысы болуы мүмкін
Қостанай облысының Полиция департаменті хабарлағандай, тергеуге себеп болған — бір миллион теңгеден айырылған әйелдің өтініші.
Алғашқы деректер бойынша, қылмыскерлер компания қызметкерлері ретінде танысып, арнайы техниканы тасымалдау қызметтерін ұсынған. Осы сылтаумен олар зардап шегушінің ақшасын иемденіп алған.
Осы факті бойынша «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
28 қазанда жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері екі ер адамды ұстады. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.
Әрі қарайғы тергеу барысында полиция қызметкерлері ұсталғандардың тағы 10 қылмыстық іске ықтимал қатысын анықтады.
Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде. Оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









