Қостанай полицейлері алаяқтарға аударылуы мүмкін 4 миллион теңгені сақтап қалды

    Полиция қызметкерлерінің уақтылы араласуының арқасында Қостанай тұрғыны қылмыскерлерге аудармақ болған 4 миллион теңгені сақтап қалды.

    «102» пультіне 73 жастағы әйел алаяқтардың ықпалында болып, ірі ақша сомасын аудармақшы болғаны туралы хабарлама түсті. Полиция қызметкерлері көрсетілген мекенжай бойынша бірден жолға шықты. Әйелді банкомат арқылы ақша аудармақ болған сәтінде тапты.

    Полиция қызметкерлері уақтылы араласып, 4 миллион теңгені аударудың алдын алды. Әйелмен профилактикалық әңгіме өткізіліп, интернет-алаяқтықтың кең таралған схемалары және сақтық шаралары түсіндірілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары