Темір ауданының Тасқопа ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

    1 / 7

    Бұл - еліміздегі «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының 314-ші нысаны.

    Ақтөбе облысы Темір ауданының Тасқопа ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. Бұл – ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға жедел ден қою бағытындағы маңызды қадам.

    Жаңа бекет 621 тұрғыны бар Тасқопа ауылының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бір қабатты ғимарат қызмет атқаруға қажетті барлық жағдаймен жабдықталған.

    ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі бекетке өрт сөндіру автокөлігін, жауынгерлік киім-кешек пен байланыс құралдарын бөлді. Жеке құрам төрт адамнан жасақталған.

    Ғимаратта диспетчерлік бөлме, қызметкерлердің демалуы және тамақтануына арналған бөлмелер, сондай-ақ санитарлық-тұрмыстық орындар қарастырылған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының әкімдігі" жаңалықтары