Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі Талғат Адуов Катар Мемлекетінің Грузиядағы Елшісі Әли Юсуф А. Әл-Муллаға ілтипат сапарымен барды.
Әли Юсуф А. Әл-Мулла Қазақстан Елшісін тағайындалуымен құттықтап, жаңа қызметінде табыс тіледі.
Кездесу барысында Қазақстан мен Катар арасындағы стратегиялық әріптестікке назар аударылды. Тараптар жоғары деңгейдегі саяси диалогтың қарқынды дамуын, ірі бірлескен инвестициялық жобалардың табысты іске асырылып жатқанын және көпжақты халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды атап өтті.
Дипломаттар сондай-ақ өз елдерінің Грузиямен қарым-қатынасы мәселелерін қозғап, өзара мүдде тудыратын салалардағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты.
Кездесу соңында тараптар тұрақты жұмыс байланыстарын сақтауға және өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға уағдаласты.