Ұлытау облысының спортшысы Неймат Асадов аралас жекпе-жектен (ММА) әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.
1-7 қараша аралығында Грузияның Тбилиси қаласында өткен әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен Неймат Асадов 70,3 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті.
Чемпионат барысында ұлытаулық спортшы бес жекпе-жек өткізді. Финалға дейін Өзбекстан, Тәжікстан, Франция өкілдерін жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алды.
Ақтық сында Неймат Асадов Ресей спортшысымен кездесіп, төрешілер шешімімен қарсыласына есе жіберді. Осылайша, әлем чемпионатын күміс жүлдемен аяқтады.
Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Неймат Асадовты халықаралық жарыстағы жетістігімен құттықтап, алдағы бәсекелерде сәттілік тіледі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








