Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тиісті жағдай жасауды тапсырған болатын. Осыған орай, елдің 20 өңірінде оңалту және сауықтыру кабинеттері бар жаңа форматтағы 20 инклюзивті мектеп-кешен салу жоспарлануда.
Сондай-ақ психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (ПМПК) ашу нормативін қайта қарау көзделіп отыр. Қазір бір консультация 50 мың балаға есептелсе, бұл көрсеткішті 40 мың балаға дейін төмендету ұсынылуда. Бұл өңірлерде мамандандырылған көмектің қолжетімділігін айтарлықтай арттырады.
Аталған кешенді жоспар қыркүйек айында алты министрлікпен келісіліп, бекітілді. Құжат сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, әр баланың қажеттіліктерін уақтылы анықтауға, әлеуметтенуі мен дербес өмірге дайындалуына бағытталған. Сонымен қатар кешкі мектептердің жұмысын ұйымдастыру, тергеу изоляторларындағы кәмелетке толмағандардың білім алу құқығын қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігі үшін SMS-хабарлама жүйесін енгізу мәселелері қарастырылуда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









