Қазақстанда кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жүйелі онлайн-сабақтармен толықтырылды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бағдарламаның мақсаты-Еңбекмині жанындағы Әлеуметтік қорғауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы кохлеарлық импланты бар балаларға арналған есту және сөйлеу қабілетін қашықтан оңалту бағдарламасын қолға алды. Бұл дәстүрлі курс арасындағы үзілістерді толтырып, балаларға тұрақты түрде мамандар көмегін алуға мүмкіндік береді.
Алғашқы қашықтан оқыту курсы 2026 жылдың 1 қазаны мен 1 қарашасы аралығында өтті. Оған еліміздің 9 өңірінен 3–7 жас аралығындағы 16 бала қатысты. Оның ішінде 12 бала ауылдық жерде тұрады.
Қалай жүзеге асырылады?
- Әр балаға жасы мен даму ерекшелігіне қарай жеке оңалту жоспары жасалады.
- Сабақтарды сурдопедагогтар, логопедтер, дефектологтар және психологтар жүргізеді.
- Онлайн-кездесулер аптасына 2 рет (айына 8 рет) ұйымдастырылады.
- Орталықтың 8 оқытушысы бірінші кезеңде 128 онлайн-сабақ өткізді (ата-аналардың жұмыс кестесі ескеріліп, сабақтар екі ауысымда ұйымдастырылды).
Бағдарламаның маңызды бөлігі – ата-аналардың белсенді қатысуы. Мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үйге арналған тапсырмалар берді (отбасыларға 80 бейнесабақ қолжетімді болды). Ата-аналар баланың жетістіктерін тіркеп, мамандарға жіберіп отырады.
Баланың даму динамикасы әр үш сайын бағаланады. Қажет болған жағдайда мамандар жеке оңалту бағытын өзгертіп, ұсыныстар береді.
Бұл бастама дәстүрлі курс аралығындағы кезеңде балаларға көрсетілетін қолдау аясын кеңейтіп, шалғай өңірлердегі отбасылардың кәсіби көмекке қол жеткізуіне жол ашады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









