«Нити Добра»: Шала туған сәбилерге жылу сыйлаған бірегей волонтерлік жоба

    Қазақстанда мерзімінен бұрын (шала) дүниеге келген нәрестелерге қолдау көрсету мақсатында қолға алынған «Нити Добра» волонтерлік жобасы бүгінде еліміздің түкпір-түкпіріне кеңінен танылып отыр. Әр буын өкілдерінің басын қосқан бұл игі бастама 9 жыл ішінде үлкен әлеуметтік қозғалысқа айналды.

    Бастама 2017 жылдың маусым айында Алматы қаласында Гүлниса Құлымжанованың жетекшілігімен басталды. Негізгі мақсат – салмағы өте аз, шала туған сәбилерді күтіп-баптауда күндіз-түні еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету және нәрестелердің өмірге бейімделуіне көмектесу. Жобаның басты ұраны да осы ерекше мәнді ашып тұр:«Микро-тоқу. Макро-қамқорлық».

    Тоғыз жылдық жұмыс нәтижесінде волонтерлер еліміздің 8 өңірін қамтып, үлкен көлемдегі көмек көрсетті:

    • 22 мыңнан астамжүннен тоқылған жылы жиынтық;
    • 12 мыңнан астаммақта жіптен тоқылған сегізаяқ ойыншығы;
    • Сәбилерге арналған 300 ұяша (гнездышко);
    • Кувездерге (инкубаторларға) арналған 125 арнайы жапқыш дайындалды.

    Бүгінде бұл жылы бұйымдар Қазақстан бойынша жаңа туған нәрестелерге арналған 30 реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне тұрақты түрде жеткізіліп тұрады. Медициналық мекемелерге жіберілмес бұрын әрбір бұйым мұқият тексеріліп, қатаң сапа және санитарлық өңдеуден өтеді.

    Жобаның ең басты ерекшелігі – мұнда аға буын өкілдерінің (зейнеткерлердің) ерекше үлесі бар. Қатысушылардың шамамен 80 пайызын қариялар құрайды. Олар өздерінің бос уақытын ізгі іске арнап, жас ұрпаққа белсенді азаматтық ұстаным мен мейірімділіктің үлгісін көрсетіп келеді. Бүгінде бұл қауымдастық еліміздің 8 өңірінен 130-дан астам белсенді волонтерді біріктіріп отыр.

    «Нити Добра» жобасының игі істері шетелге де танылды:2025 жылыжоба беделді #МыВместе премиясының лауреаты атанды.

    2026 жылыұйым өкілдері Ташкент қаласында өткен «Миссия Добра» халықаралық бастамасына қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті және арнайы шеберлік сабағын өткізді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" жаңалықтары